28-11-18 |
3260 рет қаралған
Неліктен Украина-Ресей теңіз қақтығысы қауіпті болуы мүмкін?.
Неліктен Украина-Ресей теңіз қақтығысы қауіпті болуы мүмкін?

Алты апта бұрын Азов теңізіндегі жағдай туралы сөйлескенімде, Украина теңіз флотының басшысы «Бұл екінші Қырым болмайды» деген еді, дейді ВВС тілшісі.

Мен Украинаның Мариуполь портына барған сапарымнан қайтып келіп, кешке жағалау күзет кемелерінің бортында болған едім.

Командир Игорь Воронченко батылсынғанымен, барлық карталар Ресейдің қолында.

Суда соғысуда саны да басым, қаруы да мығым Ресей Азов теңізін бақылауына алғысы келсе, Украинаның тозығы жеткен флоты айтарлықтай қауқар көрсете алмас.

Заң тұрғысынан да, Украинаның позициясы әлсіз.

Азов теңізі және оның Керчь бұғазындағы өткелі 2003 жылғы келісім бойынша Украина мен Ресейге ортақ.

2003 жылғы мәмілеге сәйкес, диаграммада ешқандай пунктирлі сызықтар қойған жоқ. Есесіне, екі елдің кемелеріне қалағандарынша жүзуге карт-бланш берілді.

Күндердің-күніне дейін осылай болып тұрды. Содан 2014 жылы Ресей Қырымды басып алып, қарқындары өзгерді.

Керчь бұғазы енді ресейлік билік тарапынан шығысқа, ал украиндар батысқа қарай шектелді.

Керч бұғазы қазір Мәскеудің бақылауында  – ресейліктер бұған қатысты үлкен жоспар құрып қойды.

Мәскеу Қырымды Ресеймен байланыстырғысы келіп, ұзындығы 19 шақырым көпірді тез арада салып тастады. Ол көпір 2018 жылдың мамырында Ресей президенті Владимир Путин салтанатты түрде жүк көлігін жүрізіп өткен кезде ресми ашылды.

Көпір  – Украинаның шығысы үшін жаман жаңалық болды.

Қауіпсіздікті күшейту қажеттілігін алға тарта отырып, Ресей Керч бұғазы мен Азов теңізінде қарулы кемелердің санын күрт арттырды.

Украинаның Азов порттарына жетуді мақсат тұтқан жүк кемелері кей кездері бір аптаға дейін созылатын көптеген тексерістер мен ұзақ кідірістерге ұшырауда.

Теңізде өткізген әр күнінің шығыны кеме қатынасы компаниясына 15 000 долларға дейін жетті. Украина Ресей тапапынан экономикалық қысымға ұшырағанына және 2003 жылы жасалған «бөлісу» туралы келісімнің бұзылғанына шағымданды.

Киевтің өкінішіне орай, халықаралық реакция аз болды, Украинадағы Азов порттарының түтіні бірте-бірте сөне бастады.

Мариуполь доктарындағы крандар жұмыссыз бос қаңқайып тұр, порт жұмысшылары төрт күндік жұмыс аптасына көшірілді. Ол жерге қазан айында барғанымызда, тек үш жүк кемесін ғана көрдік.

Екінші қолданыстағы кемелерді қайта қалпына келтіру бойынша АҚШ келісімін берді де, бірнеше кеме Қара теңізден Азовқа ауыстырылды.

Бұл оқиға бізді Украина үш әскери-теңіз кемесін – бір тартқыш пен екі кішігірім кемені Керчь арқылы жібермекші болған жексенбіге әкелді.

Осы драмалық жағдайлар жақсылап құжатталып, Ресейге қатысты барлық атышулы оқиғалар сияқты шексіз талқыланды да.

Ең бір қарапайым сәтте ресейлік жағалау күзеті кемелері украиналық қайықтарды қағып жіберіп, оқ жаудырды, борттағы 24 теңізшіні қайығымен қосып ұстап әкетті.

Бұл 2014 жылы Қырым аннексиялағаннан кейінгі Украина мен Ресей қарым-қатынасындағы ең маңызды оқиға болды.

Үш қайықтан және шамамен жиырмашақты адамнан айырылғанына 24 сағат өткеннен кейін, дүйсенбі күні кешке К.Д. Воронченко тағы да бізбен сұхбаттасу үшін Киевтегі ВВС кеңсесіне келді.

Мен оған алты апта бұрын айтқанындай, Азов теңізі Қырым тәрізді Ресейге өтіп кетпейтіндігіне әлі сенімді ме деп сұрадым. Бұл жолы ешқандай сенімділік байқалған жоқ.

«Мен сізге айтайын, біз ақтық деміміз қалғанша жеріміз үшін соғысамыз», – деді ол.

«Біздің жеріміз бен теңізіміз өзімізде қалуы үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасаймыз. Елімізді сақтап қалуға және қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.