Германиядағы «Шарите» емханасының дәрігерлері Ресей оппозиция белгілі өкілі, саясаткер Алексей Навальныйды улаған деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА хабарлады.
Дәрігерлердің диагнозы Навальныйдың «холинэстераза» тобындағы затпен уланғанын көрсеткен. Әзірге нақты қандай у екені анықталуда екен.
Навальный болса әлі де жасанды комада жатқан көрінеді. Жағдайы аса ауыр болғанмен өміріне төтенше қауіп төніп тұрған жоқ депті дәрігерлер.