Билік партиясы алдағы парламент сайлауына дайындықты бастады. Соның бір көрінісі есепті партияішілік іріктеу – праймериз өтіп жатыр. Кеше өткенде құрылған «Нұр Отанды» ғана жақтайтын жақтастар лигасы жиналыс өткізді.
Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, блогерлердің және т.б. қатысуымен «Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. «Nur Otan» партиясының праймеризі елімізде эволюциялық өзгерістер жасауға бағыт» тақырыбы аясында Лига жақтастарының жетінші ZOOM-конференциясы өтті.
Конференцияны модератор ретінде саясаттанушы Ерлан Саиров жүргізді. Онлайн-кездесуге блогер Денис Горобец, Қарағанды облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Ғабдолла Дүйсенбаев, «Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов, Инстаграмдағы «v Petropavlovske» пабликтің авторы Дмитрий Протопопов, саясаттанушы, журналист Нина Митчинова, кәсіпкер Алмагүл Молдабаева және басқалар қатысты.
Конференцияның модераторы, саясаттанушы Ерлан Саиров іс-шараны аша отырып, бүгінгі таңда әлемдегі ахуал шиеліскенін , АҚШ пен Қытай арасындағы жағдай қиындай түскенін,сондай-ақ Ресей мен Белоруссиядағы толқуларды атап өтіп, осыған байланысты Қазақстан бірінші кезекте мемлекетіміздің эволюциялық дамуы туралы ойлануы тиіс екенін айтты.
Ерлан Саировтың айтуынша бұл өзгерістердің символы ретінде еліміздің әрбір азаматы болуы тиіс. «Біз қандай да бір өзгерістерді талап еткенде, әрқайсымыз өзгергенше ешқандай да өзгеріс болмайтынын, мінез-құлық мәдениеті немесе саяси тәуелділік өзгермейтінін білуіміз керек. Nur Otan партиясы бүгін праймеризді жариялап отыр және праймериздің бүкіл әлемдегі демократияның негізгі аспектісі екенін білеміз. Бұл бүкіл әлемде адал және ашық ерік-жігер», – деп атап өтті конференция модераторы.
Конференция барысында спикерлер партияның праймеризіне қолдау білдіріп, праймеризге кандидат және бақылаушы ретінде қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, Денис Горобец, Нина Митчинова және Дмитрий Протопопов БАҚ және әлеуметтік желілерде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. «Менің ойымша, әлеуметтік желілер арқылы праймериз және барлық сайлау процестерін, сондай-ақ болашақ депутаттарды қолдау қажет. Мен міндетті түрде көмектесемін, праймеризді қолдаймын және сайлау өткізу барысында қоғамдық бақылауды жүзеге асырғым келеді», – деді «v Petropavlovske» қоғамдық қорының авторы Дмитрий Протопопов.
Денис Горобец «Birgemiz» қоры көмегінің маңыздылығын атап өтті. «Мен интернетте прймериз барысын жариялап отыруға көмек көрсетемін. «Biz Birgemiz» акциясы адамдарға көп көмек көрсетті. Алайда партия ішінде өзгерістер қажет және бұл праймериз бізге қажет», – деп атады.
Нина Литвинованың айтуынша, Ақмола облысының жастары партия ішіндегі сайлауға белсенді қызығушылық танытып отыр және қатысуға дайын. «Праймеризге қатысуға көбірек жастар ниет білдіріп отыр», – деді ол. Сөз соңында спикер облыс халқы қазір Nur Otan партиясының праймеризі өтіп жатқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан және әлеуметтік желілер арқылы жақсы хабардар екенін атап өтті.
Өз кезегінде «Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов праймеризге қатысатынын айтты. «Ал праймеризге келер болсақ, мен аталған науқанға міндетті түрде қатысамын. Өйткені ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біріншіден партия ішіндегі бәсекелсікті арттырады», – деді ол. Сондай-ақ, спикер ел бірлігінің арқасында вирусты ауыздықтағанын және қазір жағдай тұрақталғанын айтты.
Сонымен қатар, жас саясаттанушы Бауыржан Серікбаев бақылаушы болам деген азаматтармен де байланыс орнатқанын айтып, праймериз өткізудің маңыздылығы туралы өз пікірімен де бөлісті. «Праймериз Қазақстанда бірінші рет өткізілген соң халықтың арасында сеніммен қатар аздаған күдік те жоқ емес. Біз тәуелсіз бақылаушыларды республика бойынша тартуымыз керек. Аудандардағы кәсіпкерлерді де тарту маңызды. Праймериздің әділ өтуіне, жалынды жастардың жаңа қызметтерге келуіне жағдай жасауымыз керек», – дейді ол.
Онлайн-кездесуге қатысушылар праймеризді өткізу ережелеріне, шарттары мен кезеңдеріне, дауыс беру тәртібіне, квоталау жүйесіне қызығушылық танытты.
Конференцияны қорытындылау барысында Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев үгіт-насихат кезінде праймериз қатысушыларына сындарлы сын ұстанып, бар проблемаларды айтудан қорықпауға шақырды. «Біз орынды сын айта алатын адамдардың праймеризге қатысу арқылы жеңіске жетіп, тек «Nur Otan» партиясының ғана емес, сондай-ақ билік өкілеттіктеріне ие, келеңсіз жағдайларды өзгерту мүмкіндігі бар адамдар тобының бір бөлігіне айналуы үшін механизм жасаймыз», – деп атап өтті Арман Қырықбаев.
Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталып, 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді.
7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.