Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі болған Нұрлан Ноғаев ҚР-ның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген Жарлықта.