arasha.kz

Оливер Стоун Назарбаев туралы деректі фильм түсіріп, көрсетуге келе жатыр (видео)

Атақты американ кинорежиссері Оливер Стоун экс-президент Н.Назарбаев туралы деректі фильм түсіргенін және соны көрсетуге Қазақстанға келе жатқанын твиттерінде жазды.

«Қазір Италиядамын, «Қазақ. Алтын адамның тарихы» деп аталатын екі сағаттық деректі фильмнің көрсетіліміне барамыз. Фильм жалпы 8 сағатқа созылады. Онда Қазақстан мен оны соңғы 30 жыл билеген Н.Назарбав туралы көрсетіледі», – деп жазды Оливер Стоун. 

Сондай-ақ кинорежиссер деректі фильмнің трейлерін жариялап, бүй депті: «Назарбаевты қалай атасаңыз да еркіңіз. Диктатор, тиран, көшбасшы. Бірақ сіз оның қарапайым адам екенін және совет империясының қалай құлап, өз елінің тәуелсіздікке қалай жеткені, ядролық қарудан қалай құтылғанын әңгімелеп бергеніне куә боласыз».

6 шілде экс-президент Назарбаевтың туған күні. Ол – 81 жасқа толады. Оның туған күні қарсаңында Астана және Түркістан қалаларында ескерткіші ашылды. Сондай-ақ экс-президенттің атында әр қалада даңғылдар бар. Оның есімі Астана қаласына және сол қаладағы халықаралық әуежайға берілген.

 

Exit mobile version