Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Бауман атындағы ММТУ алаңында өтті, онда делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.
Кеңес отырысына ТМД-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары: Әзербайжан Республикасы – Әли Асадов, Беларусь Республикасы – Роман Головченко, Қырғызстан Республикасы – Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы – Михаил Мишустин, Тәжікстан Республикасы – Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасы – Абдулла Арипов, сондай-ақ, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян; Достастықтың қауымдастырылған мүшесі ретінде Түрікменстан Республикасының ТМД жарғылық және өзге органдары жанындағы Тұрақты өкілі Назаркұлы Шакулыев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қатысты.
Сауда-экономикалық кооперацияны нығайту, көлік дәліздерін дамыту және жеткізілім көлемін ұлғайту, қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру және ғылыми әлеуетті іске асыру мәселелері қаралды.
Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту Достастыққа мүше мемлекеттер үшін басым міндет болып қала береді. Кеңес отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның сыртқы саудасының төрттен бір бөлігі ТМД елдері нарығына тиесілі екеніне тоқталды. Осыған байланысты кедергілерді жүйелі түрде анықтау және жою қажеттілігі туындап отыр. Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Достастық жәрмеңкесі» мемлекетаралық бағдарламасын құру ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Көлік дәліздерін кеңейту сауда-экономикалық кооперацияны дамытудың маңызды факторы саналады. Олжас Бектенов ТМД-ға трансқұрлықтық көлік ағындарында, атап айтқанда «Батыс – Шығыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында алатын орны ерекше екеніне тоқталды. Қазақстан тарапы әзірлеген ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасы 2024 жылдың қазан айында ТМД-ның Атқару комитетіне жолданды. Аталған жоба Достастық елдерінің көлік өткізу мүмкіндігін арттыруға серпін береді.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024