Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак энергетика, мұнай, газ және инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар болашағы зор жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендерін білдірді. Атап айтқанда, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу, Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші және 4-ші блоктарын жаңғырту және ынтымақтастықтың басқа да маңызды бағыттары талқыланды.