04-05-20 |
1400 рет қаралған
ОСК Назарбаева туралы қаулы шығарды.
ОСК Назарбаева туралы қаулы шығарды

фото:  ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның сенат депутаты өкілеттігін тоқтату туралы президент жарлығына сәйкес қаулы шығарды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Н. Назарбаева туралы» 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін» делінген қаулыда.

2 мамырда президент Тоқаев Д.Назарбаеваның өкілетін тоқтату туралы жарлық шығарған еді.

Ал 4 мамырда бірқатар ауыс-түйіс болды. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев президент жарлығымен сенат депутаты болды да, парламенттің бірлескен отырысында сенат төрағасы болып сайланды. Әшімбаевтың орнына бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тағайындалды. Абаевтың орнына президент көмекшісі Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.