Біз
әлеуметтік
желіде
07-04-25 |
140 рет қаралған
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар ШҚО әкімінің орынбасары болды.
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар ШҚО әкімінің орынбасары болды

Ол қала әкімдігіндегі қызметін 2024 жылдың қарашасында аяқтаған болатын.

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол бұл қызметті 2018 жылдың тамызынан бері атқарып келген. 2024 жылдың қарашасында өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кеткен, алайда сол сәтте облыс әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.

Жақсылық Омар бұған дейін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарған, ШҚО мәдениет басқармасын басқарған, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың көмекшісі болған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.