arasha.kz

Айдос Садықовқа жасалған шабуылға қатысты өзімде нақты фактілер болмағаннан кейін, ондай жорамал айта алмаймын

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Qasqa Jol youtube каналына берген сұқбатында отандасымыз Айдос Садықовқа жасалған шабуылға қатысты қандай да бір болжам айтуға болмайді деді. Нақты фактіге жүгіну керек деп қысқа қайырды.

«Мен ондай жорамал айта алмаймын. Өзімде нақты фактілер болмағаннан кейін. Бұндай жерлерде нақты фактімен, аргументпен сөйлеу керек. Мысалы, Кеннедиді атып кетті ғой, Американың қақ төрінде. Президент. Шведтің баяғы премьер-министрін де атып тастады көшеде. Сондықтан ол дайындалған адамдар болатын болса, қазір технологияның дамыған заманында адамның өміріне қол сұғу деген қиын емес деп есептеймін», – деді депутат.

Exit mobile version