Біз
әлеуметтік
желіде
10-05-25 |
40 рет қаралған
Пәкістан Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады.
Пәкістан Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастады

Пәкістан билігі Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция басталғанын жариялады. Бұл қадам Исламабадтың мәлімдемесі бойынша, бірнеше сағат бұрын Үндістан тарапынан пәкістандық әскери-әуе базаларына жасалған шабуылдарға жауап ретінде қолға алынған.

Пәкістандық әскерилердің айтуынша, олар үнділік BrahMos зымырандарын сақтау қоймасын, бірнеше әскери әуежайды, ірі қойма нысандарын және тағы басқа объектілерді жойған.

Үндістан Пәкістан әрекетін «өрескел эскалация» деп атады, алайда өз әскери инфрақұрылымына жасалған шабуылдың салдарына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио тараптарды деэскалацияға шақырып, АҚШ-тың келіссөздер ұйымдастыруда көмектесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания, Франция және Польша көшбасшылары Киевке келіп, Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізуде. Олар Мәскеуді 30 күнге толық және сөзсіз атысты тоқтатуға тағы да шақырмақ.

Мәскеу жариялаған үшкүндік уақытша бітімнің үшінші түні салыстырмалы түрде тыныш өтті – дрондармен немесе зымыран шабуылдары туралы Украина да, Ресей де хабарлаған жоқ.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.