26-03-24 |
12340 рет қаралған
Патрушев: Терактінің артында әрине, Украина тұр.
Патрушев: Терактінің артында әрине, Украина тұр

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Крокустағы терактіге Украинаның қатысы болуы мүмкін деп санайды.

«Әрине, Украина», – деп жауап берді Патрушев журналистердің лаңкестік әрекеттің артында Украина немесе Ресей Федерациясында тыйым салынған ДАИШ лаңкестік ұйымы тұр ма деген сұрағына.

Бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Мәскеудегі терактіні ДАИШ содырлары жасағанымен, оның артында басқа күштер тұруы мүмкін деген болатын.

Ал, Ресейдің мемлекеттік және саяси қайраткері Дмитрий Медведев Крокуста теракті жасады деген күдікпен ұсталғандардың бәрін өлтіру керек деп мәлімдеген еді.

«Оларды өлтіру керек пе? Керек. Және ол орындалады. Бірақ қатысқандардың барлығын өлтіру әлдеқайда маңызды. Барлығын. Кім төледі, кім атсалысты, кім көмектесті. Олардың бәрін өлтіру керек», – деді Медведев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.