03-01-24 |
9430 рет қаралған
Президент халықты толғандырып отырған меселелерге ашық жауап берді – депутат.
Президент халықты толғандырып отырған меселелерге ашық жауап берді – депутат

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде сұхбаты жарияланды. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жаңа саяси кезең өте динамикалы басталуда деген пікір білдірді.

Оның айтуынша интервьюдің басты ерекшелігі – Президент өткен кезендегі саяси оқиғаларға, халықты толғандырып отырған қоғамдық меселелерге ашық жауап берді.

«Біріншіден, бұл жәй ғана жыл қорытындысы емес, Тоқаевтың билік басына келгеннен бергі жұмысының басты аспектілері жөніндегі терең баяндама. Екіншіден, сұхбат мемлекеттік тілдегі газетке берілуі Президенттің мемлекеттік тіл мәртебесіне терең назар аударатындығын білдіре отырып, ана тіліміздің саяси тұтқаға айналғандығының белгісі.
Үшіншіден, Президент пен Қамзабек мырзаның әңгімесі заманауи саяси процестердің кай жаққа дамып бара жаткандығы, «Бүгінгі күннің басты меселесі неде?» деген сұраққа дәлелді жауаптар», – деді ол.

Сонымен қатар ол сұхбатта қоғамда көп таралған Қазақстандағы «қос билік» жөніндегі қауесет әңгіме болғанын атап өтті.
«Шыны керек, еліміздегі ескі биліктің өзінің экономикалық мүдделерін қорғап қалуы үшін мемлекетті басқаруға қосарлануға тырысқандығы анық. Реакциялық күштер өздерінің «Өзі би, өзі қожа» кездерін аңсап, мемлекеттік басқару тетіктерін қайтаруға күш салғаны да анық. Дегенмен, бүгінде халықтың басым көпшілігінің мандаты негізінде билік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нық қолында. Диалектиканың «терістеуді терістеу» деген заңы бар. Бүгін ескі жүйенің істеген қателіктері мен шалыс қадамдарын түзету кезеңі өтіп жатыр. «Кетсең- кет!». Өте дұрыс аксиома! Кеткен саяси тұлға саясатқа араласпауы тиіс! Осынау күрделі турбулентті заманда Президент билігі нық және мықты болуы керек! Нық билікпен саяси плюрализмді қолдай отырып даму керек», – деді Е. Сайыров.

Сондай-ақ ол елімізде сяси реформалар іс-жүзіне асып келе жатқанын айтты. Қазақстан перманентті сайлау кезеңінен өтті. Елімізде ауыл әкімдерінің барлық деңгейдегі Мәслихат, Мәжіліс депуттаттары сайлауы, аудан әкімдері сайлауы өтті. Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасуда.

Сонымен қатар, экономика саласына құрылымдық өзгерістер жасау керек. Ішкі жалпы өнім өскенімен, сол өнімнің халық арасында әділетті жеткізу проблемасы бар. Экономикалық теңдік мәселесі де өзекті, кедейлердің саны артып келеді. Шешетін мәселе көп, ол проблемаларды бірігіп шешуіміз қажет», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір экономикалық теңдік қалыптастыру кезеңі де жүріп жатыр. Келесі кезең саяси реформаларды халықтың әл-ауқатын арттыру фундаментіне ұластыру.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.