Тегі өзбек ресейлік миллиардер Алишер Усманов Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай президент Н.Назарбаевтың жарлығымен І «Достық» орденімен марапатталды деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. Оған мұндай марапат мемлекеттік және қоғамдық қызметіне, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудағы еңбегі үшін берілген екен.
Алишер Усманов мұндай марапатты Қазақстаннан екінші рет алып отыр. Оған 2011 жылы ІІ «Достық» ордені берілген еді.
Тамыз айында Өзбекстан президент Шавкат Мерзиеев Алишер Усмановты «Эл-юрт хурмати» орденімен марапаттаған болатын.
Ал қарашада Ресей президенті В.Путин Усмановтың өңіріне «Отан алдындағы қызметі үшін» орденін таққан.