Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтінін жазды.
«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», – деп жазды ол.
Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.