Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына 67 халықаралық бақылаушыны тіркеді деп хабарлады 13 мамырда ОСК өкілі Зәуреш Баймолдина.
Оның айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының миссиясы тарабынан 22 бақылаушыны тіркеу туралы өтініш түскен. Олардың бәрі аккредитациядан өткен,деп жазды Азаттық.
ОСК-ның хабарлауынша, шетел және халықаралық ұйым бақылаушыларын аккредитациядан өткізу 3 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының миссиясы 8 мамырда Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының өтуін бақылауды бастаған.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз өткелі отыр. Өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:
- Сәді-Бек Түгел – «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы;
- қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев – «Нұр Отан» партиясы;
- Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;
- Дания Еспаева – «Ақ жол» партиясы,
- Төлеутай Рахымбеков – «Ауыл» партиясы;
- Жамбыл Ахметбеков – «Қазақстан комунистік халық партиясы»;
- Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры» қозғалысы.
Мамырдың 11-і күні басталған елде сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі басталды. Ол маусымның 8-іне дейін созылмақ.
Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024