Біз
әлеуметтік
желіде
15-04-19 |
4010 рет қаралған
Президент Қ.Тоқаев: Бұл — Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің арқасы.
Президент Қ.Тоқаев: Бұл — Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің арқасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігі — uza.uz/kz қазақ тілінде хабар тарата бастағаны туралы өзінің твиттерінде былай деп жазды:

«Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты. Бұл бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз Н.Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің арқасы».

Кеше, 14-сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. Сапар барысында екі ел басшыларының қатысуымен келіссөздер өтіп, маңызды құжаттарға қол қойылады делінеді. Және Қ.Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына қатысады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.