29-04-19 |
1730 рет қаралған
Президенттікке тоғыз үміткер ұсынылды, біреуі бас тартты.
Президенттікке тоғыз үміткер ұсынылды, біреуі бас тартты

2019 жылғы 28 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Arasha.kz.

«Заңнамада белгіленген құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде төрт саяси партия ұсынды. 

Олар: Түгел Сәді-Бек – «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы –  «Nur Otan «партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

 «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы.

«Ақ жол «Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан Еспаева Дания Мәдиқызы.

«Ауыл «халықтық – демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы.

 «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы.

«Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінен Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы,

«Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Әлиев Жұматай ұсынылды.

 «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атынан Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы ұсынылды.  Алайда Талғат  Ерғалиев президенттіке түсуден бас тартып, «Ақ жол «Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан түскен Дания Еспаеваны қолдамақ.

Сонымен 2019 жылғы 9 масуымда өтетін ҚР кезектен тыс президент сайлауына 8 адам қатысады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.