arasha.kz

Путин Әлиевтен кешірім сұрады

Ақтау маңында Әзербайжан әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.

Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына тағы да қайғыра көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Әңгіме барысында кесте бойынша қатаң ұшатын Әзірбайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенгені айтылды.

Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық дрондар шабуыл жасаған, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берген.

Ресейдің Тергеу комитеті ҚК 263 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған (Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу). Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.

Қазір Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүр, олар Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуде. Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері Ақтау қаласының іргесіндегі апат орнында тығыз ынтымақтастықта.

Exit mobile version