Ресей президенті Владимир Путин жаңадан сайланған Украина президенті Владимир Зеленскимен ортақ азаматтықты талқылайтын болсақ, келісімuе келе аламыз деген ойда, деп хабарлайды tass.ru.
Зеленскийдің Ресей халқына украина паспортын беруге дайынмын деген сөзін Ресей басшысы «Өте жақсы» деп бағалады. «Бұл біздің келісімге келе алатындығымызды білдіретін шығар, өйткені бізде ортақ дүниелер көп»,-деді Путин.
Оның айтуынша, орыс пен украин бір халық.
«Бұған дейін украин мен орыс бауырлас халық екенін талай мәрте айтқан едім. Оның үстіне, бұл бір халық, мәдени, тілдік және тарихи ерекшеліктері болмаса, бұлар бір халық»,-дейді РФ президенті.
Путиннің ойынша, екі ел арасында ортақ азматтық болса орыстар да, украиналықтар да бұдан ұтпаса, ұтылмайды.
«Біз бірге күшті әрі жетістікке жетер едік. Егер олар Украинадағы ресейліктерге азаматтық берсе, ал біз Ресейдегі уакраиналықтарға азаматтық беретін болсақ, ерте ме, кеш пе ортақ азаматтықа келетін боламыз»,-дейді Путин.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024