arasha.kz

Путин өзінің қуыршақ қарсыластарынан оқ бойы озық шықты

Одан кейінгі дауыс көп жинаған үміткердікі 4,28% болды.

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының нәтижелерін жариялады – мемлекеттің қазіргі басшысы Владимир Путин хаттаманың 99,43% өңдеу нәтижесі бойынша 87,33% дауыс жинады.

Екінші орынды 4,3% дауыспен Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов иеленді, үшінші және төртінші орындарда тиісінше 3,2 және 3,8% дауыс жинаған Владислав Даванков (Жаңа адамдар) және Леонид Слуцкий (ЛДПР) болды.

Бұл Путиннің бесінші президенттік мерзімі болмақ. Ол 1999 жылдан бері үздіксіз билікте.

Exit mobile version