13-05-24 |
12750 рет қаралған
Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен алып тастады.
Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен алып тастады

12 жыл Ресей қорғаныс министрі қызметін атқарған Шойгу Қауіпсіздік кеңесіне ауысты. Путин тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Дмитрий Песков Шойгу сонымен қатар әскери-өнеркәсіптік комиссияда Ресей Федерациясы Президентінің орынбасары және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызмет жұмысының жетекшісі болатынын айтты.

Путин қорғаныс министрі қызметіне Ресей премьер-министрінің орынбасары Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.