Президент Тоқаев Астанадағы «Хазірет Сұлтан» мешітіне барып, қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың рухына құран бағыштап, құрбандық шалды.
Сондай-ақ президент қырық күн толған оқиғада қаза болғандар отбасына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін жеткізді.
«Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым, – деді президент.