arasha.kz

Қазақстан әуекомпанияларына Иранды айналып ұшуға кеңес берілді

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты отандық әуекомпанияларға Иранды айналып өтуге кеңес берді.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, кеше Иран елі Израилді жүздеген зымыранмен атқылап, соққы жасаған болатын. Израиль мемлекеті бұны жауапсыз қалмырмайтынан мәлімдеген еді.

Exit mobile version