Қазақстан әлемдік саясаттың тартылыс күшіне және Еуразия кеңістігі мәселелерін шешудің орталығына айналуда. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институты Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы, саясаттанушы Тасым Риззат Arasha.kz сайтына пікір білдіру кезінде айтты.
Оның айтуынша, қазіргі дағдарыстар қауіпсіздік мәселесіне басты назарды аудартып, ал геосаяси фрагментация жаһандық ынтымақтастыққа кедергі келтіріп отыр.
«Осындай сыртқы жағдайда Қазақстан инклюзивті, көпжақты және ізгі ниет рухында барлық субъектілермен ынтымақтасатын, нығайып келе жатқан «орта держава» ретінде ерекшеленеді. Яғни, Қазақстан әлемдік саясаттың тартылыс күшіне және Еуразия кеңістігі мәселелерін шешудің орталығына айналуда», – дейді саясаттанушы.
Сондай-ақ ол ШЫҰ аясындағы Астана саммиті барлық халықаралық ойыншылардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тұрақты бейбітшілік пен жаңа «жаһандық қауіпсіздік архитектурасы» формуласын іздеуге бағытталғанын жеткізді.
«Алдағы саммит қорытындысы Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға ықпал ететін белсенді және жауапты әлемдік ойыншы ретіндегі ұстанымын нығайтатынына сенімдімін. Қазақстанның медиатор ретінде әрекет ету мүмкіндігі ықтимал қақтығыстарды реттеуге ғана емес, ынтымақтастық үшін ортақ платформаны қалыптастыруға да ықпал етеді. Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы мен дипломатиялық әлеуеті ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделерін жақындастыру, өңірлік ынтымақтастықты күшейту және қауіпсіз ортақ кеңістікті қамтамасыз ету үшін тірек бола алады», – деді Тасым Риззат.
Айта кетейік, Астанада 3-4 шілде аралығында ШЫҰ саммиті өтеді. Оған 16 мемлекеттің Президенті мен Үкімет басшылары келеді деп жоспарланып отыр. Алғашқылардың бірі болып ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бүгін Астанаға келді. Оны ҚР президенті Қ. Тоқаев елорда әуежайынан өзі қарсы алды.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024