28-11-24 |
220 рет қаралған
Қазақстан мен Ресей 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық бағдарламаны бекітті.
Қазақстан мен Ресей 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық бағдарламаны бекітті

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетников 2024-2026 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қол қою рәсімі РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.

Құжат Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы достық және серіктестік қатынастарды кеңейту әрі нығайту, кооперациялық, сауда-экономикалық, гуманитарлық, мәдени, ғылыми байланыстарды дамыту, трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу есебінен екі елдің өңірлері халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін әзірленген.

Іс-шаралар жоспарында ынтымақтастықтың мынадай басым салалары көзделген: сауда-экономикалық сала, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, сәулет, тұрғын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат, ақпараттық технологиялар мен байланыс, ғылым мен білім, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, спорт және жастар саясаты.

Іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен РФ Экономикалық даму министрлігі мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.