Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің қатысуымен саяси консультациялар өтті.
Іс-шара шеңберінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, жоғары және аса жоғарғы деңгейдегі алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарастырды. Ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын кеңейту және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы аталып өтті.
Тараптар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жәрдемдесу мақсатында сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024