Қазақстан Ресейдің «Спутник V» вакцинасын Қарағандыда шығармақ. Оның өндірісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мәмин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебі барысында мәлімдеді.
Ал Қазақстанның өзі жасап жатқан QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталып, 3 мың ерікті азаматқа екпе егіліп жатыр.
Желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылмақ.
Отандық вакцинамен жаппай егу наурыз айында басталып, бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалмақ.
Ал Жамбыл облысы Қордай ауданында жылына қуаты 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жететін биофармацевтикалық зауыт 2021 жылы наурыз айында іске қосылмақ екен.
Билік бұған дейін Ресей вакцинасын сатып алатыны жөнінде келісімге келгені хабарланған. Алайда өзі де вакцина жасап жатқан ел не себепті Ресей вакцинасын сатып алып, оны тіпті Қарағандыдан өндіру үшін өндіріс іске қосқалы жатқаны түсініксіз. Ресей вакцинасына қатысты мұндай сауалдарға ресми жауап берілген жоқ.
фото: primeminister.kz
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024