arasha.kz

Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

AFGHAN TALIBAN

Қазақстан билігі «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару жөнінде шешім қабылдады.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Неліктен мұндай шешім қабылданды?

– Қазақстанда Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін жаңарту мақсатында жүйелі түрде аудит жүргізіледі.

«Осы процестің бір бөлігі ретінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес Талибанды одан шығару туралы шешім қабылданды».

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді.

– Қазақстан мен Талибан арасындағы дипломатиялық байланыс қалай дамиды?

– Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді.

«Талибан қозғалысы» 1986-87 жылдары таныла бастады. Әлемнің көптеген елдерінде ол тыйым салынған террористік ұйым ретінде танылған. «Талибан» Ауғанстанды 1996-2001 жылдар аралығында басқарды. Бұл қозғалыс 2021 жылы АҚШ әскерлері елден шығарылғаннан кейін билікке оралды.

Exit mobile version