arasha.kz

Қазақстанда АЭС салу басым бағыттың бірі – министр

Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесін әлемдік тәжірибемен расталатын неғұрлым перспективті бағыттардың бірі ретінде қарастыруда. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

«Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін жеткілікті әлеуетке ие. Қазақстан өндірілетін және нарыққа жеткізілетін табиғи уран көлемі бойынша бірінші орында.

Бізде ядролық отын компоненттерін өндіру бар, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қол жетімділік бар.

Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды.

ҚР Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесін әлемдік тәжірибемен расталатын неғұрлым перспективті бағыттардың бірі ретінде қарастыруда. Бұған дейін біз әртүрлі нұсқаларды қарастыруға болатындығын айтқан болатынбыз. Егер көмір генерациясын дамыта алмасақ, онда мүмкіндіктер азаяды. Бұл тұрақсыз энергетика сияқты резервпен қамтамасыз етілуі тиіс жаңартылатын энергия көздері.

Екіншіден, газ – ол станцияларға арналған отын ғана емес, бұл өте құнды шикізат және біз елді газдандыру мәселелерін қатар шешуіміз қажет. Бізде газ қорының өсуі байқалмайды. Осыған байланысты энергетиканың тұрақты дамуы үшін біз болашақ генерация ретінде атом генерациясын дамытуға назар аударуымыз керек деп санаймыз. Сондықтан қазір бұл мәселелерді қарастырып, түрлі алаңдарда талқылап жатырмыз», – деді министр ОКҚ де өткен брифинг кезінде.

Энергетика министрінің дерегінше, 31 ел атом электр станцияларын пайдалануда. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салыну сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ын құрайды.

Қазақстанда АЭС салу ұзақ жылдан бері билік тарапынан әлсін-әлсін көтеріліп келеді. Бірақ қоғам АЭС салуға қарсылық ниетте.

Президент Тоқаев 2019 жылы Ресейге сапарлап барғанда Ресей президенті В.Путин орыс технологиясымен Қазақстанда АЭС салу туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл қоғамды қызу талқыланған.

 

Exit mobile version