22-03-20 |
1390 рет қаралған
Қазақстанда байыған миллиардер Шодиев Өзбекстанға көмектесіп жатыр.
Қазақстанда байыған миллиардер Шодиев Өзбекстанға көмектесіп жатыр

Қазақстанның тау-кен саласы арқылы байыған миллиардер Фаттах Шодиев Өзбекстанға коронавируспен күресуге көмектеспекші. Атап айтқанда, Шодиевтің халықаралық қоры Өзбекстандағы жағдайы төмен отбасыларға және қарт адамдарға азық-түлік пен дезинфекциялық заттармен көмек көрсетпекші. Бұл көмектің аумағы бүкіл Өзбекстанды қамтиды.

«Ақылды әрі мықты Өзбекстан халқы бұл қауіпті жұмылып жеңетініне күмән жоқ. Шодиевтің халықаралық қоры елде коронавируспен күреске бар күшін салып, тиімді көмек көрсетеді» делінген қор таратқан ақпаратта.

Миллиардер Шодиев Қазақстан жерінде ұзақ тоқсаныншы жылдардан бері қазба байлықтарды өндіріп сатумен айналысатын евразиялық топтың қатарына кіреді. 

Компанияның мәліметінше, ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service. Ал компанияның  құрылтайшылары ретінде директорлар Кеңесінің мүшелері: Александр Машкевич – ERG S.а.r.l. Директорлар кеңесінің төрағасы, Алиджан Ибрагимов м-а – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі, Патох Шодиев м-а – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі деп көрсетілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.