arasha.kz

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақшы

Қазақстанда «Алаш-Желтоқсан» атты партия құрылмақшы. Партия құруға бастамашыл топ – «Желтоқсан-86» ұйымының белсенділері. Бұл туралы «Азаттық радиосы» жазады.

Бастамашыл топтың айтуынша, партияның құрылтай съезін өткізуге рұқсат алынған. Енді олар қол жинауға кіріспек.

Сондай-ақ олар құрылмақшы партияның оппозициялық партия болмайтынын, ұлттық мәселелерді көтеретін саяси ұйым болатынын айтқан.

Exit mobile version