arasha.kz

Қазақстанның Жапониядағы елшісі ауысты

Президент жарлығымен Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы Сабыр Сайлаубекұлы Есімбековті Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатты. Оның орнына Жапонияға елші болып Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев барады.

Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Грек Республикасындағы елшісі болған, жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол бұл қызметінен босатылды.

Exit mobile version