03-05-20 |
1470 рет қаралған
Қажыгелдин Тоқаевқа Әбіқаевты сенат төрағасы етуді ұсынды.
Қажыгелдин Тоқаевқа Әбіқаевты сенат төрағасы етуді ұсынды

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі ҚазТАГ агенттігіне Дариға Назарбаеваның сенат депутаты ретіндегі өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты пікір білдерген.

«Тоқаев парламенттің жоғарғы палатасының төрағасына Нұртай Әбіқаевты тағайындауы тиіс. Ол – өте тәжірбиелі мемлекет қайраткері, экс-президент Назарбаевтың үзеңгілесі. Мен Қ.Тоқаевты президент квотасы арқылы Нұртай Әбіқаевты сенат мүшесі етіп тағайындап және оны сенат төрағасына ұсынуға шақырам» депті Қажыгелдин.

Бұрынғы премьер-министрдің ойынша, Дариға Назарбаеваның өкілетінің тоқтатылуы Тоқаевқа ірі реформа жасауға мүмкіндік береді. Яғни, өтпелі кезеңде және келесі парламент сайлауына дейін бір палаталы парламент жасақтау. Ол үшін сенат мүшелері бар құқықтары мен өкілеттіліктерін сақтай отырып, мәжіліс депутаттарына қосылуы тиіс.

Сондай-ақ Қажыгелдиннің айтуынша, Әбіқаев Тоқаевқа сенімді қорған бола алады екен.

2 мамырда президент Тоқаев аяқ астынан Дариға Назарбаеваның сенат депутаты өкілетін тоқтату туралы жарлық шығарды. Бұл қоғамда қызу талқыланып жатыр. Саясаттанушылар мұндай оқыс саяси қадам жайлы сан алуан болжамдар айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.