
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында президент Тоқаевтың президенттік мерзіміне алты жыл толғанына орай жиын өтті. Онда бірінші болып сөз алған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-президент Назарбаевтың тұсындағы билікті кінәлап, айыптай сөйледі.
30 жыл бойы Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасындағы ел болды. Алайда жылдар бойы қолданыста болған модель уақыт өте келе күрделі саяси дағдарысқа әкелді. Бұл көбінесе қоғамды тітіркендіретін және елдің дамуын бәсеңдететін белгілі бір топтар мен бір жеке тұлғалардың қолына билік пен капиталдың шамадан тыс шоғырлануымен байланысты болды. Сондықтан үш жыл бұрын саяси жүйені модернизациялау үдерісін бастау – барлық билік бір қолға шоғырланған жағдайдан кету аса маңызды болды деді ол Қошанов.
Алайда, Қошановтың саясаи карьерасы бұрынғы билікпен тығыз байланысты. Мәжіліс төрағасының қызмет жолына бір сәт көз салсаңыз, бәрі де түсінікті бола қалады.
1995-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
1999-2001 жылдары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі.
2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі
2012-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
2017-2019 жылдары – Қарағанды облысының әкімі.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
«AMANAT» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракция жетекшісі.
2022 жылғы 26 сәуірде «AMANAT» партиясының төрағасы болып сайланды.
Бірақ Ерлан Қошанов былтыры президент Тоқаевтың экс-президент туралы айтқанын ұмытып кеткен секілді. 2024 жылы Республика күні қарсаңында сөйлеген сөзінде президент Тоқаев:
Республика күнінде біз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегін атап өтуге тиіспіз. Оның қазіргі Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші тарихи рөл атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет. Ел үшін жасалған қызмет ешқашан ұмытылмауы керек, ел жадында сақталуға тиіс. Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды. «Жақсының жақсылығын айт» деген халқымыз. Бүгінгі тарихқа әділ баға берілуі үшін кешегі тарих әділ бағалануға тиіс, – деген еді.
Иә, билік ауысты, жаңа билік өз жаңалығын енгізіп, жаңа реформалар жасап жатыр. Бірақ Ерлан Қошановқа «Бүгінгі тарихқа әділ баға берілуі үшін кешегі тарих әділ бағалануға тиіс» деген президент Тоқаев сөзінің астарына қайта үңіліп, өзінің өткен жолына топырақ шашпас бұрын ептеп ойланса артық болмайтындай.
Назарбаев тұсында да лауазымды қызмет атқарып аттан түспеген Қошановтың бүгінгі құбылуы оның болашақта да солай құбылып шыға келетінінен ептеп хабар берсе керек, Құдай сақтасын!
- 19.03.2025
- 19.03.2025
- 19.03.2025
- 19.03.2025
- 19.03.2025
- 18.03.2025
- 18.03.2025
- 18.03.2025
- 18.03.2025