arasha.kz

Қытай әскері Жапонияны көздеп бес баллистикалық зымыран атты

Қытай әскері Жапонияға қарасты ХатерУма аралына 5 баллистикалық зымыран атты. Бұл туралы жапон үкіметіне сілтеме жасаған «Киодо Ньюз» ақпарат агенттігі хабарлады.

Аzattyq-ruhy сайтының мәліметінше, жалпы қытай 9 зымыран атқылаған. Олар 350 шақырымнан 700 шақырымға дейін жеткен. Зымырандардың 4-уі Тайвань жерін көктей өтіп, 5-уі Жапонияның айрықша экономикалық аймағына түсті.

Күншығыс елінің Сыртқы істер министрі Иосимаса Хайаси Қытайдан Тайвань маңында оқ атқылап жатқан әскери оқу-жаттығуды дереу тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ жапон үкіметі қытай билігіне қарсы дипломатиялық арыз түсірді. Айта кетейік, Тайваньға АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен бастап, аймақтағы жағдай қатты ушығып тұр.

Exit mobile version