arasha.kz

Референдум: Елбасы туралы конституциялық заң күшін жоя ма?

Конституцияға жасалған өзгерістерге сай экс-президент Н.Назарбаевтың есімі басты заңнан алынып тасталды. Алайда бұл өзгерістер «Елбасы – Тұңғыш президент» туралы конституциялық заңға әсер ете ме, етпей ме? Дәл осы сұрақ көптің көкейінде тұр.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова конституцияға енгізілген өзгерістерден соң, «Елбасы – Тұңғыш президент» туралы конституциялық заң күшін жояды.

Белгілі заңгер Абзал Құспанның айтуынша, жаңа өзегрістерге сай конституциядағы 91 баптың 2 тармағының алынып тасталуы басты заңға енген ең үлкен өзгеріс деп айтуға болады.

«Басқа өзгерістерді ысырып тастағанның күннің өзінде конституцияға енгізілген өзгерістерді осы үшін ғана қолдауға болады», – деді Абзал Құспан.

Қазақстан конституциясына 33 өзгеріс енгізіліп, ол өзгерістер жалпыхалықтық референдумға шығарылды. Референдум 5 маусым күні өтеді.

Ал экс-президент өткенде саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа сұхбат беріп, референдумға дауыс беретінін айтқан еді.

Exit mobile version