Мариупольдегі перзентхана мен аурухананы шабуылға ұшырады.
Азаттықтың жазуынша, 9 наурызда Мариупольдегі аурухана мен перзентхана әуеден шабуылға ұшырап, 17 адам зардап шеккен.
Украина тарабы шабуылға Ресей әскерилерін айыптады. Әуеден жасалған соққы балалар ауруханасы мен перзентхананың ортасына болған.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің перзентханаға шабуылын «айуандық» деп атады.
Кремль мен Ресей пропагандасы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасамадық дегенінен танбай келеді.
Бұл шабуылды БҰҰ-ның бас хатшысыиАнтониу Гутерриш қатаң айыптап, қантөгісті дереу тоқтатуға шақырды.