06-05-24 |
16340 рет қаралған
Ресей Қазақстан маңында өтетін жаттығуда ядролық қару қолданбақ.
Ресей Қазақстан маңында өтетін жаттығуда ядролық қару қолданбақ

Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей армиясының стратегиялық емес ядролық қаруды қолдануға дайындық үшін Оңтүстік әскери округінде жаттығулар өткізетінін хабарлады. Оңтүстік әскери округіне (ОҚО) Қазақстанмен шекаралас аймақтар кіреді.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей армиясының бас штабы Оңтүстік әскери округі мен Әскери-теңіз күштерінің зымыран құрамаларының қатысуымен жаттығуларға дайындалуда. Оқу-жаттығудың мақсаты – «стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру». Ресей әскерилері тактикалық ядролық қаруды дайындау мен қолданудың «тәжірибелік сынақтарын» өткізбекші.

Ресей Қорғаныс министрлігі жаттығулардың «аумақтық тұтастық пен егемендікті қамтамасыз етуге» қатысты екенін және олар «жекелеген батыс шенеуніктерінің қоқан-лоққыларына» жауап беретінін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.