25-03-24 |
10840 рет қаралған
Ресей Қазақстанда Путин режиміне қарсылармен күреспек.
Ресей Қазақстанда Путин режиміне қарсылармен күреспек

Кремль Ресей Федерациясы Президенті сайлауының шет елдердегі қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылдайтын болады. Экзитпол дерегінше, сайлауда жеңіске жеткен Владимир Путинге Алматыда сайлауға қатысқан Ресей азаматтарының небары 9 пайызы ғана өз дауысын берген. Оның қарсыласы Владислав Даванков 69% жинаған.

Астана да оңып тұрған жоқ, ондағы релоканттар да Путинге дауыс беруден бас тартып, бюллетеньдерді бүлдіру не Даванковқа дауыс берумен айналысты.

Осыған қатысты, Кремль Ресейдің Астанада отыратын Қазақстандағы елшісі Алексей Борадавкин мен Алматыдағы бас консулы Дмитрий Тураевпен консультациялар өткізетін болады дейді, DALA INSIDE арнасының Мәскеудегі дереккөзі.

Талқыланатын негізгі бағыт – релоканттарды бақылау, олардың Қазақстанда антипутиндік ұйымдар құрып, жергілікті халықты Ресейдің қазіргі билігіне қарсы қоюын болдырмау. Бұл ретте, дипломаттарға ФСБ мен Россотрудничество да барынша көмектеседі деп ойластырылған.

Осыған орай, Қазақстандағы Ресей релоканттарының арнайы реестрін жасау мәселесі талқыланатын болады. Реестрде әр релоканттың саяси көзқарасы, қазіргі режимді қолдайтыны/қолдамайтындығы тіркеліп тұрмақ.

Ресей Президенті сайлауының нақты нәтижелері 20 наурыздан кейін шығады. Алдын-ала статистика бойынша, Владимир Путин 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін ресми құттықтады.

Путин Ресейді 2000 жылдан бері билеп келеді. 2004, 2008, 2012, 2018 жылдары төрт рет президенттікке қайта сайланды. 2020 жылы ол Конституцияны өзгертіп, 2024 жылы сайлауға түсу мүмкіндігін алды. Енді Путин 2030 жылға дейін Ресейді ресми түрде басқаратын болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.