arasha.kz

Ресей Қазақстанға орыс тілін үйрететін мамандар жібереді

Ресей Қазақстанға орыс тілін үйрететін мамандар жібереді. Бұл туралы 4 наурызда екі ел үкімет басшыларының кездесуі аясында айтылды.

Үкіметаралық отырыстар аясында Ресей оқу -ағарту министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуі өтіп, олар оқу саласындағы екі жақты мәселелерді сөз еткен. Осы кездесуде Ресей тарапы Қазақстан педогогтарының біліктілігін арттыруды жалғастыруға және Қазақстан мектептерінде орыс тілі мен өзге де орысша пәндерден сабақ беретін мамандарды жіберуге дайын екендерін мәлімдеген.

Ресей Қазақстанға қатысты саяси ұстанымын орыс тілінің қолдану аясы арқылы қарайды және тіл мәселесінен қандай да бір ілік табуға тырысады. Кремль өзінің саясатын түрлі путиншіл тұлғалардың Қазақстанға қатысты арандатушылық мәлімдемелері арқылы көрсетеді. Сондай-ақ ресми Мәскеу орыс тілін саяси қысым жасаудың, Қазақстанды өз орбитасында тұқыртып ұстаудың құралы ретінде пайдаланып келеді. Тіл мәселесінде Қазақстан билігі Ресейдің ықпалынан шықпай, керісінше Кремльдің көңілін тауып, соның ығымен жүруге тырысады. Оның бір мысалы, ретінде президент Тоқаевтың халықаралық орыс тілі ұйымын құру идеясы. Әрине, бұл мәмілгерлік жол болғанымен, саясси шарасыздықтың да белгісі.

Ал Ресейдің біздің мектептерге орыс тілі мамандарын жіберу – Кремль саясатының бір саласы. Ол орыс мұғалімдері Крмельдің қандай тапсырмасымен келіп, қандай бағдарламамен сабақ беретіні белгісіз. Біздің ше, Қазақстанда оқу-ағарту сынды стратегиялық маңызды бағытта мемлекет мүддесін табанды қорғай білуі шарт.

Exit mobile version