Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут 2025 жылы Ресейдің Сібірден Қазақстан аумағы арқылы өз астығын тасымалдауға арналған транзиттік тарифтерді төмендету бойынша Қазақстанмен келісімге келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ресей үшін транзиттік тарифтерді төмендету мәселесі теміржол маршруттары арқылы өз астығын оңтүстік нарықтарға жеткізу көлемін арттырудың басты шарттарының бірі болып отыр.
Қазақстан биыл рекордтық көлемде бидай жинады. Бұл елдің ішкі нарығындағы бағаның төмендеуіне әкелді.
«Сол себепті олар 1 қаңтардан бастап импортқа тыйымды алып тастаған кезде де ештеңе тасымалданған жоқ, өйткені оларда баға өте төмен. Қазақстанға біздің астығымыз не үшін керек, егер өздерікі арзан болса?» — деп атап өтті Лут.
Жақында Мәскеуде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ресейлік әріптесі Оксана Лутпен кездесу өткен.