Ресей Сыртқы істер министрлігі Башар Асадтың Сирия президенті қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді.
«Асад билікті бейбіт жолмен тапсыра отырып, президенттік қызметтен кетуге шешім қабылдады және елден кетті», – деп хабарлады Ресей СІМ-і.
Бұған дейін Башар Асад Сириядан қашып, қарулы оппозиция билікті басып алғаны хабарланған болатын.