Ресей Катардың араағайыдығымен тоғыз баланы Украинадан келген туыстарына берді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованың айтуынша, топта 12 мен 17 жас аралығындағы сегіз ұл және 17 жас аралығындағы бір қыз бар. Олардың көпшілігі Ресейде ата-әжесінің қолында болған.
Кездесуге Катар елшісі Ахмед бен Нассер бен Джасим Әл Тани қатысты.
«Ел өкілдері украиналық тараппен келіссөздерге қатысады, балалар мен туыстарын ертіп жүреді, көлік және басқа да шығындарды көтереді. Сондай-ақ, жұмысқа Халықаралық Қызыл Крест комитеті, облыстық балалар омбудсмендері, тиісті ведомстволар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда», – деді Львова-Белова.
Львова-Белова Катар елшілігі балдалардың табысу үдерісіне елеулі көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.
Бүгінге дейін 62 отбасының 80 баласы Украинадағы және үшінші елдердегі туыстарымен қауышса, сегіз отбасының 13 баласы Ресейден оралды.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024