arasha.kz

Ресей Украинаны 3 күнде ала алмады

Киев 3 күнде құламады. 2014 жылдан бері есептесек, Ресей тек  Луганск  облысының аумағын ғана толық басып алыпты. Өзгесіне иелік ете алмады. Керісінше украиналықтар байырғы орыс жерінің 600 шаршы шақырымдай бөлігін бақылауында ұстап отыр.

Осыдан 3 жыл бұрын, 2022 жылдың 24 ақпанында бәріміздің назарымыз Украинаға ауған-ды. Күні бойы медиа мен телеграм арналарынан  көз алмадық. «Ресей кез келген сәтте көршісіне бас салуы мүмкін екен-ау. Тізімде біз де бар шығармыз»,-деп үрейленгенбіз. Сөйте тұра  украиналықтардың жанталаса қорғанған сәттеріне куә болғанбыз. Киев көшелерінде қару-жарақ,  молотов коктейлдерін таратқан, Гостомель түбінде   жеңіл зениттік кешенмен құлатылған  ресейлік тікұшақтардың   видеосын көргенбіз. 2022 жылдың 25 ақпанында  әйгілі Ан-225 ұшағының қиратылғанын да  медиадан естігенбіз. «Киевті үш күнде алып қоя ма?»,-деп қауіптенгенбіз. Батыс сарапшыларының өзі «72 сағат қана төтеп береді» десіп жатқан кез еді.  Бірақ,  украиндар отан үшін  от пен оқтан  тайсалмады,   барын салып  шайқасты. Ал бүгін сол соғыстың басталғанына 3 жыл толды. Киев 3 күнде құламады. 2014 жылдан бері есептесек, Ресей тек  Луганск  облысының аумағын ғана толық басып алыпты. Өзгесіне иелік ете алмады. Керісінше украиналықтар байырғы орыс жерінің 600 шаршы шақырымдай бөлігін бақылауында ұстап отыр.

Ресейліктер  майдандағы шығын жайлы  ресми мәліметті соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде жариялаған. Одан кейіп  тыйылды. Дегенмен шетелдік БАҚ өкілдері шығын жайлы ақпараттар таратып келеді:

• 2025 жылдың 14 ақпанында BBC мен «Медиазона»  Ресейдің адам шығыны 564 мың болғанын жазды. Өлгені мен жараланғанын қоса есептепті.

• Ал нақты өлгендердің саны әлгі сеператистік ДНР мен ЛНР  сияқты құрылымдарды қосқанда 234669 деседі. BBC  осындай  дерек тартты.

• 2024 жылдың  желтоқсанында  Украина  президенті  В.Зеленский 43 мың украиналық  азамат қаза тапқанын  мәлімдеген еді. Сәл  төмендетілген дерек болуы мүмкін.

•  Ukraine losses сайтында қазір 70 мың 400 адамның есімі жазылыпты.  Демек Украина тарапынан қаза тапқандар саны осы 70 мыңнан төмен болмайтын сияқты.

• БҰҰ деректеріне сүйенсек соғыс салдарынан Украинада 12600 ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 29 мыңнан астамы жараланған көрінеді. Қаза тапқандар мен жараланғандардың 2400 ден астамы бала екен.

• Украинадағы тұрғын үй қорының 10%-тен астамы бүлінген. Соның салдарынан 2 млн-нан астам отбасының  баспанасы адам тұруға жарамайтын болып қалыпты. 

• Соғыс салдарынан Украинада 3600 ден астам білім беру  мекемесі бүлініпті.

• Соғыс басталғаннан кейін Украина  ішінде 3,6 млн адам басқа аймаққа көшіпті.

• 2024 жылы Киев тұрғылықты жерінен көшуге мәжбүр болған 1,2 млн адамға әлеуметтік көмек беріпті. Оған жұмсалған қаржы 1,38 млрд долларды құраған. Бұл дегеніңіз соғыс басталардан бұрынғы  көрсеткіштен 20 есе  көп.

• БҰҰ 2025 жылдың  қаңтарында Украинадан  шетелге кеткен адам саны  6,9 млн болғанын  хабарлады. Олардың 6,3  млн-ы Еуропада жүр екен. Бірер жыл бұрын  шетелге қашқандар саны 8 млн-нан асқаны жайлы мәлімет тараған. Ол  дерек өтірік сияқты.

• 2024 жылы Украинаның қорғаныс пен қауіпсізідкке арналған бюджеті 51,9 млрд долларды құрапты.  Соғыс  шығыны  күн  шамамен  142 млн долларды құрап жатыр.

• 2022-2025 жылдары Украина  бюджетіне  одақтастарынан 115 млрд доллар түскен деседі.  Одан бөлек қару-жарақ та аз берілген жоқ.

• Киль университетінің  дерегіне қарағанда АҚШ-тың әскери көмегі 64, қаржылай көмегі 50 млрд доллар болыпты.

• Соғыс салдарынан Украинаның   коммуналдық шаруашылығына 3,5 млрд доллардың зияны келіпті. Мыңға жуық жылу қазандығы, 214 орталық  жылу пункті, 354 шақырым  жылу желісі бүлінген.

• Транспорт инфрақұрылымына 38,5 млрд долларлық зақым келіпті. 260 мың көлік бүлінген немесе жойылған деседі.

Дегенмен  Украина осы соғысқа қарамастан тіршілігін жалғастырып жатыр. 2024 жылы Украинаның   экспорты 41 млрд  долларды құраған. Соғысып жатқан ел үшін  меніңше бұл үлкен жетістік.

Ал майдандағы Ресейдің  шығынына келсек,  ол да аз емес. Украиналықтар орыстың 10168 танкін, 21 мыңнан астам әскери бронды машинасын, 23 мыңнан астам артиллериялық жүйесін (зеңбіректер, минометтер,  өздігінен жүретін артқондырғы), 1300 ге жуық дүркіндетіп ататын  реактивті  қондырғысын (РСЗО), 1081  әуе қорғанысы кешенін, 370 ұшағын, 331  тікұшағын, 26 мыңнан астам  ұшқышсыз ұшу аппаратын,  3064 қанатты зымыранын, 28 кемесін, 1 сүңгуір  қайығын, 38 мыңнан астам автомобиль мен автоцистернасын,  3700 ден астам арнайы техникасын жойғанын мәлімдеді.

Фото: AP

Exit mobile version