arasha.kz

Ресей Украинаның басып алған аймақтарын референдум арқылы қосып алмақ

Өзін өзі жариялаған ДНР өкілі Александр Кофман осы күзде ЛДНР-ді Ресей құрамына қосу жөніндегі референдум өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Блумберг агенттігі сенімді дереккөзіне сүйене отырып, Кремль басып алған аумақта референдум өткізуге дайындалып жатқанын хабарлаған. Яғни сепаратистер бақылап отырған және жаңадан басып алған жерді де Ресей өзіне қосып алмақ. Дауыс беру рәсімі Донецк, Луганск, Херсон және Запорож облыстарында өтуі керек, деп жазды агенттік.

Егер Ресей қазір басып алған аумақтарды аннексиялайтын болса, Украинаның бестен бір бөлігін өз бақылауында ұстайтын болады.

Фото: Валентин Спринчак/ТАСС

Exit mobile version