Мақалада Кремльдің 2020 жылдағы мақсаты Өзбекстанды ЕАЭО-ға қосып, Еуропалық одаққа балама ұйым ретінде әлеуетін кеңейтуге ұмтылады деген.
Грузин басылымының жазуынша, былтыр жыл бойы Ташкентті ЕАЭО құрамына қосу үшін келіссөздер жүрген.
Бірақ табиғи ресурсқа бай Өзбекстан Ресей қысымына қарсы тұра білді деп жазады басылым.
Еуразиялық экономикалық одақ 2001 жылдың 30 мамырында құрылды. Сол жылы Өзбекстан кіріп, 2008 жылы қайта шығып кеткен.
Қырғызстан мен Армения 2015 жылдан бастап аталған ұйымға мүше. Бұдан бөлек бұл ұйымға Беларусь, Ресей және Қазақстан мүше. Бұл альянс Владимир Путин үшін Совет одағын қайта құру жобасы іспетті. Ол кезінде ССРО-ның құлауын «20-ғасырдағы ең ірі апат» деп атаған.
Территориалдық тұтастығы Ресей тарапынан бұзылған Грузия мен Украина ресейлік ықпалдың басты қарсыласы. Совет одағы құрамында болған Балтық елдері Ресейдің саяси және экономикалық орбитасынан толық шығып, еуропалық одақтың толыққанды мүшесі атанған.