Соғысқа кеткендердің әйелдері мен аналары Мәскеудегі Фрунзен жағалауындағы Қорғаныс министрлігі ғимаратында пикетке шықты.
Жиналғандар қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен кездесуді талап еткен. «Біз жаңа министрдің бізбен кездесіп, мәселемізді шешуге кірісуі үшін бізді тыңдағанын қалаймыз», – дейді пикетке қатысушылар.
Мобилизацияланғандардың әйелдері мен аналарының плакаттарындағы жазуларға қарағанда, жиналғандар Украинадағы күйеулері мен ұлдарының елге оралуын талап етуде.
«Әкемді үйге әкелші»
«СВО-дағы жауынгерлер үшін қызмет көрсету шарттарын белгілеңіз [Ресей билігі Украинаға басып кіруді осылай атайды]»,
«Мобилизациядағылардың үйлеріне келетін уақыты келді» – мұндай плакаттар соғысқа жіберілгендердің туыстарының қолында.
Медиазона агенттігінің хабарлауынша полиция қызметкерлері пикет басталғаннан кейін бірден соғыстағылардың әйелдеріне барып, жиналғандардың тарауын талап еткен. Содан кейін, полиция қызметкерлері пикетке шыққандардың құжаттарын тексеруге кіріскен.
Мобилизацияланғандардың әйелдері жасаған наразылықтар көбіне қамауға алумен аяқталады, полиция көбіне акцияны жазуға келген журналистерді көлікке сүйреп апарып тоғытады.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024