15-11-18 |
2970 рет қаралған
Ресейдегі «экстремизмге қарсы» заң экстремалды цензураны білдіре ме?.
Ресейдегі «экстремизмге қарсы» заң  экстремалды цензураны білдіре ме?

Coda Story тұғырнамасына жарияланған «Путиннің «ақылдырақ» үлкен аға болу ұсынысы.  «Ресейдің «экстремизмге қарсы» заңдарына өзгерістер экстремалды цензураны білдіруі мүмкін»  мақаласынан үзінді жариялап отырмыз.

Бұл 16 маусым, таңғы 6.30-да болатын. Шырт ұйқыда жатқан Андрей Шашерин мен оның әйелін және бес жасар ұлын өздерінің сібірлік Барнауыл қаласындағы пәтерінің сыртынан шыққан «Полиция, есіктеріңді ашыңдар!» деп дауыс оятып жіберді.

Есік ашқан кезде маска киген үш қарулы  адам баса көктеп кіріп келді, олардың артында азаматтық киімдегі екі адам бар. Балақай көрпенің астына бұға қалды, не болып жатқанын сұрап, айғай салды. Қарулы ер адамдар Ресейдің  ұлттық гвардиясының спецназ жауынгерлері еді.  Олар әкесінің қолына кісен салып, ештеңе түсіндірместен, алып кетті. Қазір Шашерин алты жыл бас бостандығынан айырылу мен күштеп психиатриалық емдету шарасымен бетпе-бет келді.

Бұл қауіпті қылмыскерді ұстау операциясы сияқты естіледі. Шын мәнісінде, Шашерин – өз бетінше күн көріп жүрген құрылысшы – әлеуметтік желіде Православ шіркеуі мен Владимир Путиннің намысына тиеді деп табылған «мемдер» қойғаны үшін тұтқындалды.

Ол – «эксретимзне қарсы» заң бойынша онлайн белсенділігі үшін ұсталған мыңдаған ресейліктердің, кей жағдайда «соған ұқсас жағдайлар үшін түрмеге тоғытылғандардың» бірі.  Бұл Оруэлл заңы айрықша қатер төндіреді, себебі «экстремизм» бойынша айыпталғандар қандай да бір сот процесі болмай, бірден «лаңкестер мен экстремистер» тізіміне ілігіп, олардың тіпті банк шоттарына шектеу қойылады.

Бұдан қоғамның әр деңгейіндегі құрылысшы, инженер, фотографтан бастап студенттерге дейін ресейліктер зардап тартады. Түпкі мақсаты, дейді белсенділер, онлайндағы өзгеше ойды тұншықтыру, ол ортаны бақылау Кремльге қиын соғуда.

Бірақ енді Путин  онлайн-қудалауын тым асыра сілтеп, кетті деп шешті. Жақында заңның қолданысын жартылай  жұмсартып, кейбір «қылмыстарды» әкімшілік құқық бұзушылық деңгейіне қысқартты. Ресей парламенті немесе Дума өзгерістерді енгізу мәселесін осы аптада қарау керек болған. Соған қарамастан, белсенділер  қауіпсіздік қызметтеріне заңды пайдалануда көбірек бостандық беретін «Үлкен аға» режимінің жаңа түрі бола ма деп күдіктенеді, сондықтан ресейліктердің онлайнда қиындыққа тап болмайтыны жайындағы сенімін өсірмейді.

«Бұл сұмдық болды», – дейді оның отбасынан жұлып алған таңғы рейдті еске түсірген Шашерин. Оның батылдығы адвокатсыз сұраудың астына алған кезде бірден сейілген.

«Мені түрмемен қорқытты», – деп еске алады. «Олар егер мен бәрін мойныма алсам ғана өзіме көмектесе алатынымды айтты. Егер бас тартсам, бірден сотқа дейінгі қамауға алынамын. Сондықтан, ұлымның бала бақшасына әкесінің қылмыскер болатынын білетін болады».

Шашерин кінәні мойнына алды, ынтымақтастық тантықаны үшін оны қамауға алуды кідіре тұру уәде етілген. Келесі күні адвокатымен ақылдасып, ол ойынан бас тартып, қолын қайтарып алған. Прокурор оны психиатриалық мекемеге міндетті тексерістер өтуге  бұйрық берген.

Оны заңды батпаққа батырған мемдерде Орыс Православ шіркеуі басшысы Патриарх Кириллдің Путинге кемсіте көрсететін сілтемісі бар суреті болған. Шашерин оларды Ресейдегі ірі әлеуметтік желі тұғырнамасы – Vkontakte жариялады.

Ол онымен қоса Кириллдің құны 30 мың долларлық швейцарлық Breguet сағат тағып тұрған суретін жүктеген. Шашерин Иса пайғамбардың патриархтың иығын ұстап тұрып: «Сағат қанша?» деп, ол оған: «Жөніңді біл» деген тәрізді келеке еткен суретін шығарады.

Кейбіреулер оған күлуі, енді біреулер мұны намысқа тию деп қабылдауы мүмкін, бірақ Ресейде бұл қылмыс саналады. Шашеринді еш күлкісіз «Православ шіркеуі басшылығын дискердитациялады» деп айыптайды.

Қылмыстық кодексте азаматтарға «экстермизм» бойынша айып тағылуы мүмкін төрт бап бар: олар – «жеккөрушілік пен араздықты қоздыру», «ұлтшылдықты реабилитациялау», «сепаратизмді ынталандыру» және «діндәрлардың сезіміне нұқсан келтіру».

Шашеринге араздықты қоздыру мен діндәрлардың сезіміне нұқсан келтіру бойынша айыптар тағылды.  Бәрінен де оны өзінің постын бес жыл бұрын шыққанын, содан бері тұтқындалғанша ешкімнің оған наразы болмағаны қайран қалдырды. Ол тергеуші соны алға тартқанша ол өзінің мемы туралы мүлдем есінен шығарған.

Былтыр, Агора адам құқығын қорғаушы топтың мәліметтері бойынша, Ресейде интернет қолданушыларға қарсы 411 қылмыстық іс қозғалып, 41 адам түрмеге жабылған. Бірақ Ресей бас прокуратурасы мәліметі бойынша, жалпы «экстеримстік қылмыс» деп аталатын жағдайға қатысты  1500 оқиға тіркелген,  оған қатысты барлық адамдар «экстремистер» тізіміне енген. Ол тізімдегі 9 мың адамның біразы лаңкестікке қатысты күдіктілер болса, көпшілігі  – лайк қойғаны үшін, бөлісіп немесе пост шығарғандары үшін.

Марина Бочарова, «Коммерсант» газетінің мультимедиа жобалар редакторы, Мәскеу

Иллюстрация авторы: София Возная (Sofiya Voznaya)

Мақаланың толық әрі түп нұсқасы мына жерде: Coda Story

Мақала редакцияның көзқарсын білдірмейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.