arasha.kz

Ресейдің президент Тоқаевты күтіп алуы: Ресей Қазақстанды қорлап отыр ма?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары басталды. Бұл оның президент қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапары. Тоқаевты Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин және хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алған. Ақорданың хабарлауынша, cапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресейдің федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отырған көрінеді.

Президенттің алғашқы ресми сапары әлеуметтік желілерде де талқыланып сөз болып жатыр. Мәселен, саясаттанушы Ерлан Саировтың ойынша Тоқаевты президент немесе сыртқы істер министрі дәрежесінен төмен емес ресми тұлға күтіп алуы тиіс.

Саясаттанушы «Олар тұлғаны ғана ренжітіп қойған жоқ, бүкілді Қазақстанды, бізді қорлап отыр. Дипломатияда бәрі де есептеледі, артық ешнәрсе болмайды. Осыған қарап түйін шыға берсе болады» деп деп жазады.

Ал жалпы ресми сапарлардың пртоколдарында президенттерді хаттама департаментінің басшысы күтіп ала беретін жағдай болады және онда тұрған ештеңе жоқ көрінеді. Оның үстіне, негізі, президент Тоқаевты Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары
Александр Панкин күтіп алды.

Exit mobile version